411,61 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Францияда полицейлердің зорлық-зомбылығынан жыл сайын 10-15 адам мерт болады

  • 137
  • UPD: 11:29, 03.06.2020

Парижде полицияның зорлық-зомбылығына қарсы ұйымдастырылған наразылық акциясына 20 мыңға жуық адам қатысқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Халық тәртіп сақшыларының қолынан қаза тапқандардың ісіне қатысты әділдікті талап етті. 

Наразылық акция жергілікті биліктің рұқсатынсыз ұйымдастырылды. Санитарлық шектеулерге байланысты аймақта мұндай жиналыс пен шерудің өтуіне тыйым салынған. Бұған қарамастан, Париж көшелеріне жиналғандардың қарасы қалың. Олардың арасында жастар көп. Егер АҚШ-тағы ереуілге Джордж Флойд себепкер болса, Францияда осыдан 4 жыл бұрын қаза тапқан қара нәсілді Адама Траоре болды. Ол тұтқындалғаннан кейін екі сағат өткен соң полиция ғимаратында көз жұмған. Ал таяуда шыққан сараптама нәтижесі бойынша тәртіп сақшысының Траордың өліміне еш қатысы жоқ екені анықталды. Жалпы Францияда жыл сайын полицейлердің зорлық-зомбылығынан 10-нан 15 адамға дейн қаза табады екен. Алайда АҚШ-пен салыстырғанда мұнда этникалық статистика жүргізілмейді.

БЛИЦ:

– Қажет болған кезде наразылық акциясын ұйымдастыру керек. Алайда тәртіпсіздікке бармай, ереуілді бейбіт өткізу қажет. Біз бұл жерге отбасымыз, жақындарымыз және Адама үшін келдік. Өйткені мұндай жағдайға кез келген адам душар болуы мүмкін. 

– Әділдікті талап ету үшін жиналып отырмыз. Адаманың өліміне қатысты бар шындықты білгіміз келеді. Полиция көбінесе қара нәсілділер мен өзге ұлт өкілділерін тұтқындап, оларға күш көрсетеді.

Әдеттегідей бейбіт түрде басталған шеру көп ұзамай жаппай тәртіпсіздікке ұласты. Жиналған жұртты тарқату үшін тәртіп сақшыларына күш пен көз жасаурататын газ қолдануға тура келді.

Авторлары: Алия Сыздыкова, Руслан Омиржан

Хабар 24 телеарнасы