405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда «Нисарга» дауылы ойран салуы мүмкін

  • 105
Үндістанда «Нисарга» дауылы ойран салуы мүмкін

Үндістанның Махараштра штатына «Нисарга» тропикалық дауылы жақындап барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Синоптиктердің хабарлауынша, жел екпіні сағатына 120 шақырымға дейін барады. Кей штаттардың билігі аймақта қауіптіліктің қызыл деңгейін жариялады. Болжам бойынша дауыл Мумбай қаласында да ойран салуы мүмкін. Билік өкілдері тұрғындарға сыртқа шығуға тыйым салды. Өңірдегі әскери құрылымдар жоғары дайындыққа көшті.

Айта кетейік, Махараштра штатында 1891 жылдан бері тропикалық дауыл тіркелген емес. Бұл штат коронавирус пандемиясынан қатты зардап шекті. Статистика бойынша аймақтың 70 мыңнан астам тұрғыны қауіпті дертке шалдыққан. Бұл ел аумағы бойынша ең үлкен көрсеткіш.

Хабар 24 телеарнасы