405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Рио-де-Жанейрода тұрғындардың көшеге шығуына рұқсат етілді

  • 146
  • UPD: 11:05, 03.06.2020
Рио-де-Жанейрода тұрғындардың көшеге шығуына рұқсат етілді

Әлемде коронавирусты жұқтырғандар бойынша көш бастап тұрған елдің бірі Бразилияның кей шаһарында карантин режимі жеңілдей бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Рио-де-Жанейро қаласында дүкендер ашылып, тұрғындардың көшеге шығуына рұқсат етілді. Бірақ адамдар арақашықтықты сақтап, қоғамдық орындарда медициналық бетпердені тағып жүруі тиіс. Жергілікті билік шектеу шараларын тамыз айына дейін толықтай алып тастауды көздеп отыр. Ал ресми дерекке сүйенсек, Бразилияда індетті жұқтырғандар саны 530 мыңнан асып, дерттен 30 мың науқас көз жұмған.

Джао Феррейра, жергілікті тұрғын:

– Мен дәріханада жұмыс істеймін. Бұл дерттің не екенін жақсы білемін. Менің ойымша, шаһар әлі аурудың шарықтау шегіне жеткен жоқ. Сондықтан қазір барлық дүкенді ашу қауіпті деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы