405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нью-Йорк басшысы қалаға ұлттық гвардияны кіргізуге қарсы шықты

  • 124
  • UPD: 11:30, 03.06.2020
Нью-Йорк басшысы қалаға ұлттық гвардияны кіргізуге қарсы шықты

Нью-Йорк қаласының мэрі Билл де Блазио шаһарда тәртіпсіздіктерді басу үшін ұлттық гвардияға жүгінуге қарсы шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қала басшысының айтуынша, бұл тиімсіз. Өйткені әскерилер алып мегаполисте әрекет ету тәртібін білмейді. Сондықтан оның салдары ауыр болуы мүмкін деп отыр. Ал Нью-Йоркте соңғы бір күнде тәртіпсіздік ұйымдастырып, дүкендерді тонаған 700 адам қамауға алынған. Әсіресе Манхэттен мен Бронкстағы бірқатар аудан қатты зардап шеккен.

Билл Де Блазио, Нью-Йорк қаласының мэрі:

– Қазір біздің қарауымызда 36 мың полицей бар. Олар кез келген тәртіпсіздікті тоқтатуға қауқарлы. Иә, қазір шаһардағы жағдай ушығып тұр. Мәселе бір күнде шешіле қоймас. Бірақ әскерилерді кіргізу қауіпті.

Хабар 24 телеарнасы