405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италияның Alitalia әуе компаниясы халықаралық рейстерін қалпына келтірді

  • 161
Италияның Alitalia әуе компаниясы халықаралық рейстерін қалпына келтірді

Бірлестік ұшақтары Нью-Йоркке ұша бастады. Компания үшінші тоқсанда өзінің рейстерін пандемияға дейінгі көрсеткіштің 40 процентіне дейін жеткізуді көздеп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ індеттен қаржылай қиындыққа тап болған бірлестіктің келешегі бұлыңғыр. Үкімет дағдарысты еңсеру үшін 3 миллиард еуро бөлгенімен, шығынды жабу қиынға соғуы мүмкін. Оның үстіне Еуроодақ Италия үкіметінің бірнеше жыл бұрын әуе бірлестігіне қаржылай көмегін тексеруге кіріскен. Айта кетейік, Alitalia 2008 жылы банкротқа ұшырап, үкімет 6 рет қолдау шарасын жүзеге асырған.

Хабар 24 телеарнасы