405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Аргентинадағы жойқын жарылыс: екі өрт сөндіруші көз жұмды

  • 121
  • UPD: 13:16, 03.06.2020
Аргентинадағы жойқын жарылыс: екі өрт сөндіруші көз жұмды

Аргентинада парфюмерия дүкенінде екі жарылыс болып, екі өрт сөндіруші қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы 9 адам жарақат алған. Қайғылы оқиға сейсенбі күні кешкісін болған. Қызыл жалынмен күрес басталғанда, екінші жарылыс болып, өрт сөндіріп жүрген екі маман қаза тапты. Ал жарақат алған полиция мен құтқарушылардың жағдайы бірқалыпты. Жарылыстың себебі белгісіз. Тергеу жұмыстары басталды.

Альберто, жергілікті тұрғын:

– Екінші жарылыстың дауысын естігенде, ғимараттан 10 метрдей жерде болғанмын. Пәтерде қалып қойған үй жануарымды алуға бара жатқан едім. Жарылыс кезінде қызыл жалынды ауыздықтап жатқан өрт сөндірушілер көз алдымда ұшып түсті.

Хабар 24 телеарнасы