412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


COVID-19: Уханьда ауру белгісі байқалмаған 300 науқас анықталды

  • 119
  • UPD: 15:11, 03.06.2020
COVID-19: Уханьда ауру белгісі байқалмаған 300 науқас анықталды

Қытайдың Ухань қаласында екі апта ішінде 10 миллионға жуық адам коронавирусты анықтайтын тесттен өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нәтижесінде ауру белгісі байқалмаған 300 науқас анықталды. Дәрігерлер олармен жақын қарым-қатынаста болған 1 мың 174 адамның дені сау болып шыққанын айтады. Қазір олар мамандардың жіті бақылауында. Жалпы жергілікті халықты тестілеу жұмысына 126 млн доллардан астам қаражат кеткен. Ал тұрғындар үшін тест тегін болды. Айта кетейік, халықтың жаппай тексерілуіне мамыр айында Уханьда 6 адамның коронавирус жұқтырғаны себеп болды.

Хабар 24 телеарнасы