418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік және Солтүстік Корея бірлескен жобаларды қайта жаңғыртуы керек – сарапшы

  • 169
  • UPD: 18:13, 03.06.2020
Оңтүстік және Солтүстік Корея бірлескен жобаларды қайта жаңғыртуы керек – сарапшы

Оңтүстік пен Солтүстік Корея қарым-қатынастарын жақсарту үшін үкімет АҚШ және Корея түбегі айналасындағы барлық елмен келіссөздер жүргізуі қажет.

Бұл Солтүстік Корея бойынша сарапшы Ван Сон Тэктің білдірген пікірі. Ол БҰҰ-ының Қауіпсіздік кеңесі Пхеньянға қарсы қабылдаған санкцияларын қайта қарастыру керек деп санайды. Сондай-ақ коронавирус індетіне қарсы екіжақты шара қабылдау сынды бірлескен іс-әрекеттер де екі ел арасын жылытуы мүмкін.

Ван Сон Тэк, Солтүстік Кореяны зерттеу жөнінде философия докторы:

Солтүстік Кореямен бірлескен жобаларды қайта жаңғырту керек. Кымган тауындағы шипажайды Оңтүстік Корея тұрғындары үшін ашып, Солтүстік Кореяға гуманитарлық көмек беруді жалғастыру қажет. Сондай-ақ соғыс салдарынан ажырап кеткен туыстардың кездесулерін қайта өткізіп, діни және мәдени топтармен алмасу керек.

 

Хабар 24 телеарнасы