425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-та ұрланған айфондардың саудасы қызып тұр

  • 355
  • UPD: 10:57, 04.06.2020
АҚШ-та ұрланған айфондардың саудасы қызып тұр

АҚШ-та афроамерикандық Джордж Флойдтың қазасына қатысы бар деп танылып тұтқындалған Дерек Чаувинге одан да ауыр айып тағылды. Қалған үш тәртіп сақшысы қамауға алынды. Олар сот отырысына дейін кепілдікке босатыла алады. Ал Флойдтың өліміне қатысты жаппай толқулар Құрама Штаттарында ғана емес, Еуропа елдерінде де әлі жалғасып жатыр.

Джордж Флойд өлімінен кейін наразылық танытқандар ереуілі жаппай тәртіпсіздікке соқтырғаны белгілі. Тіпті ретін тауып, дүкен тонағандар да кездесті. Енді интернет-аукциондарында сапалы тауарлар корапшасыз немесе зарядтау құрылғысыз жарты бағамен сатылып жатыр. Ол да күдік тудырады. Эппл компаниясы ұрланған гаджеттердің қайда екенін анықтауға кірісті. Ал ереуілге шыққандар ұрымтал сәтті өз пайдасын шешуге кіріскендей. Өткен түні коменданттық сағат жарияланғанда шаһар біршама тынышталған еді. Көшелерде тонау оқиғалары азайды да. Дегенмен, қамауға алынғандардың саны артты. Кеше 228 адам тұтқындалса, ереуіл басталғалы 2 мыңнан астам адам темір торға қамалды. Саясаткерлер халықты сабырға шақырды. Олардың ішінде елдің бұрынғы президенті Барак Обама мен дін қызметкерлері де бар.  

Мына кадрларда полицейлер дүкендерді тонағанғандарды тұтқындап жатыр. Тәртіп сақшыларының айтуынша, ұрланған тауарлар қоқыс жәшіктерінің бірінде болу мүмкін. Қарақшылар ұрлаған заттарын солай тығатын көрінеді. Жалпы түнде ұйымдастырылатын ереуілдердің тыйылатын түрі жоқ. Жергілікті билік  болса жаппай тәртіпсіздіктің азаятынына үмітін үзбей отыр. 

Билл Де Блазио, Нью-Йорк мэрі: 

- Біздің Нью-Йоркте мүлдем басқа сипатқа енгендей. Жұрттың шырқын бұзуды ойлағандар байқалды. Алайда бейбіт ереуілдер де болды. Әрине халық ашуға бой алдырса д көбінесе наразылық акциялар бейбіт түрде өтетін. Билік Нью-Йоркте бейбіт шерулерді құптайтынын айтқым келеді. Түн тыныштығын қалаймын. Полиция қызметінің басшысымен үнемі байланыстамын. Олар аймақтағы жағдайды бақылауда ұстау үшін барын салып жатыр. 

Сәрсенбі күні Миннесотада Джордж Флойдтың өліміне қатысы бар қалған үш полиция қызметкерлері де қамауға алынды. Оларға адам өмірін үзді деген айып тағылып отыр. Заң бойынша үшеуі де сот отырысына дейін кепілдікке босатылуы мүмкін. Ал Флойдты тізесімен тұншықтырып өлтірген полицейге 2-дәрежелі кісі өлтіру бойынша айып тағылып отыр. Төртеуі де 40 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Авторы: Георгий Цихисели

Хабар 24 телеарнасы