405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ қалаларында нәсілшілдікке қарсы бейбіт шерулер өтті

  • 138
  • UPD: 13:53, 04.06.2020
АҚШ қалаларында нәсілшілдікке қарсы бейбіт шерулер өтті

Миннеаполисте Джордж Флойдтың өліміне қатысты полицейлерге үкім шыға салысымен АҚШ-тың көптеген қаласында шерулер өтті.

Лос-Анджелесте адамдар шаһар орталығындағы «Сансет» алаңына жиналды. Шараға қатысушылар биліктен нәсілшілдікті тоқтатып, әділдікті орнатуды сұрады. Жүздеген адам наразылықты отырып білдірді. Қаланың төменгі аудандары да бейбіт шеруШІлерге толды.

Айта кетейік, Лос-Анджелесте өткен жұмадан бері ұйымдастырылған шерулер кезінде 3 мыңнан астам адам қамауға алынған.

Хабар 24 телеарнасы