412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германия экономикасын оңалтуға 130 млрд еуро бөлінеді

  • 154
  • UPD: 15:36, 04.06.2020
Германия экономикасын оңалтуға 130 млрд еуро бөлінеді

Германия билігі індеттен тұралап қалған ел экономкасын ынталадыру үшін 130 миллиард еуро бөледі.

Бұл туралы осы елдің канцлері Ангела Меркель мәлімдеді. Жобаға сай биылғы жылдың соңына дейін қосымша құн салығы 19 проценттен 16-ға дейін төмендетіліп, жеңілдетілген қосымша құн салығын азайту қолға алынбақ. Бұдан бөлек отбасыларға әр бала үшін 300 еуро жәрдемақы төленеді. Электр энергиясының құны арзандатылып, көліктерді сатып алу үшін көмек қаржы көбейтілмек. Ал індеттен ең көп зардап шеккен туристік салаға тамыз айына дейін 25 миллиард доллар бөлу қарастырылған.

Хабар 24 телеарнасы