412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Трамп афроамерикалықтың өліміне қатысты пікір білдірді

  • 329
Трамп афроамерикалықтың өліміне қатысты пікір білдірді

АҚШ президенті Дональд Трамп Джордж Флойдтың өліміне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Теледидар арқылы сөз сөйлеген Ақ үй қожайыны полицейлердің афроамерикалық азаматқа қарсы қолданған әрекетіне өз пікірін айтты.

Дональд Трамп, АҚШ президенті:

– Бұл өте қайғылы жағдай. Оған жол бермеу керек еді. Полиция қызметкерінің ойында не болғаны түсініксіз. Қалған үшеуінің неге араша түспегені беймәлім.

Шон Спайсерге берген сұхбат барысында Дональд Трамп либералды құндылықты ұстанатын аймақ басшыларының әлсіздігіне тоқталды. Айтуынша, дәл соның салдарынан Ақ үй Миннеаполиске ұлттық гвардия жіберуге мәжбүр болған. Бұдан бөлек, Америка басшысы осы оқиғаға байланысты әділдік орнап, бәрі заң жүзінде шешілетініне сенім білдірді.

Хабар 24 телеарнасы