418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германия дағдарыстан шығуға 130 млрд еуро бөледі

  • 199
Германия дағдарыстан шығуға 130 млрд еуро бөледі

Бұл жөнінде билік басындағы коалиция мүшелері келісті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ангела Меркельдің мәлімдеуінше, қаражат Екінші дүниежүзілік соғыстан бері Германияда болып көрмеген дағдарыстан шығуға көмектеседі. Үкімет бизнеске қолдау көрсетеді. Карантиннен ең қатты зардап шеккен салаларға, атап айтқанда туризм мен қоғамдық тамақтану салаларына жәрдем беріледі. Бұл мақсатқа 25 млрд еуро бөлу қарастырылған. Сондай-ақ жарты жылға қосылған құн салығының мөлшері 19%-тен 16%-ке азайтылады. Отбасыдағы әр балаға 300 еуродан жәрдемақы төленеді. Үкімет бизнес пен тұрғындардың жағдайын жақсарту үшін электр қуатының бағасын да арзандатады.

Ангела Меркель, Германия канцлері:

– Экономиканы ынталандыру үшін көптеген шара қабылданады. Шағын мен орта бизнеске және мәдениет саласына көмек беруді көздеп отырмыз. Экономиканы тезірек қалпына келтіру үшін жарты жылға қосылған құн салығының мөлшерін қысқартуды шештік. Өйткені салықты бәрі төлейді ғой. Бұл тұтынушыларға да, жалпы бүкіл экономикаға оң әсерін тигізеді.

Хабар 24 телеарнасы