418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейдің Норильск қаласында төтенше жағдай жарияланды

  • 236
  • UPD: 23:26, 04.06.2020
Ресейдің Норильск қаласында төтенше жағдай жарияланды

Ондағы жылу электр станциясында апат болып, өзендерге 20 тонна дизель отыны төгілген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Владимир Путин Красноярск өлкесінің басшылығымен шұғыл жиналыс өткізді. Ресей президенті жергілікті билікті оқиғаны жасырып қалмақ болғаны үшін қатаң сынға алды.

Владимир Путин, Ресей президенті:

– Сергей Валерьевич, сіздің ойыңызша бұл апатты жағдай емес пе? Неге билік өкілдері бұл туралы екі күн өткен соң ғана естиді?

Апат 29 мамыр күні үшінші жылу электр станциясында болған. 21 мың тоннадан астам дизель отыны Амбарная және Далдыкан өзендеріне төгіліп, судың түсін қою қызғылт түске бояған. Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры бұл оқиғадан кейін Карское теңізі ластануы мүмкін деген болжам жасады. Ресейдің балық шаруашылығы федералды агенттігі енді экологияны қалыпқа келтіру үшін ондаған жыл кететінін айтады. Ал Красноярск өлкесінің губернаторы өзендерді дизель отынынан қашан тазалап бітетінін айта алмай отыр.

Александр Усс, Красноярск өлкесінің губернаторы:

– Крансоярск өлкесінде осыншама тонна отынды өзендерден тазалау тәжірибесі болмаған. Сондықтан 14 күн ішінде бұл жұмыстарды жүзеге асыра аламыз деп айта алмаймын. Баяндама осымен аяқталды.

Хабар 24 телеарнасы