412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ Қытай ұшақтарын елге кіргізбейтін болды

  • 268
  • UPD: 23:29, 04.06.2020
АҚШ Қытай ұшақтарын елге кіргізбейтін болды

Бейжің тарапы авиациялық келісімді бұзған көрінеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақ үйдің бұл шешімі 16 маусымнан бастап күшіне енбек. Қазір құрама штаттарға қатынауға 6 қытайлық әуе компаниясының рұқсаты бар. Олар вирус өршіген кезде өздерінің отандастарын Қытайға қайтарып үлгерген екен. Ал америкалық Delta және United Airlines әуе компанияларына Бейжің коронавирус кезінде елге кіруге рұқсат бермепті. Бұл қос компания да Ақ үйге шағымын жеткізген. Трамптың бүгінгі шешіміне осы әуекомпанияларының өтініші себеп болуы мүмкін. 

Хабар 24 телеарнасы