418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германия ғаламдық вакциналау мен иммундау одағына 600 млн еуро бөледі

  • 202
  • UPD: 13:33, 05.06.2020
Германия ғаламдық вакциналау мен иммундау одағына 600 млн еуро бөледі lb.ua

Германия ғаламдық вакциналау мен иммундау одағына 600 миллион еуро бөледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қомақты қаржы халықаралық ұйымға алдағы 5 жылдың ішінде берілмек. Бұл туралы канцлер Ангела Меркель мәлімдеді. Қаржы дамушы елдерде екпе жүргізу істеріне жұмсалмақ.

Айта кетейік, Вакциналар және иммундау ғаламдық альянсы 2000 жылы кедей елдерде екпе жүргізу үшін құрылған. Ұйым қазірге дейін 760 миллион баланы егуге көмектесіп, 13 миллион баланы өлімнен құтқарып қалды.

Ангела Меркель, Германия канцлері:

- Біз вирусты тек бірігіп күресіп қана жеңе аламыз. Ол үшін зерттеу одақтарын құрып, олардың жұмысын оңтайландыруымыз қажет. Денсаулық сақтау саласында халықаралық альянс сияқты маңызды ұйымдарға жан-жақты қолдау көрсету керек.

Хабар 24 телеарнасы