425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ұлыбританияда қоғамдық көліктерде бетперде тағу міндеттелмек

  • 315
  • UPD: 15:28, 05.06.2020
Ұлыбританияда қоғамдық көліктерде бетперде тағу міндеттелмек

Ұлыбританияда маусымның 15-інен бастап қоғамдық орындарда бетперде тағып жүру міндеттелмек.

Бұл туралы Көлік министрі Грант Шэппс мәлімдеді. Бірақ кішкентай балалар мен тыныс алу жолдарымен байланысты дерті бар адамдарға бетперде тақпауына рұқсат етіледі. Тәртіпке бағынбаған азаматтар қоғамдық көліктерге кіргізілмей, айыппұл салынуы мүмкін.

Айта кетейік, қазір Ұлыбританияда қоғамдық орындарда бетперде тағып жүрмеуге болады. Билік мұны масканың коронавирустан сақтайтыны туралы нақты дәлелдердің жоқтығымен түсіндіріп келген еді.

Хабар 24 телеарнасы