418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мексикада ереуілшілер АҚШ елшілігіне шабуыл жасады

  • 262
Мексикада ереуілшілер АҚШ елшілігіне шабуыл жасады EADaily

Мексикада полицейге қарсы ереуіл соңы тәртіпсіздіктерге ұласты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жұрт Мехикодағы АҚШ елшілігін шабуылдаған. Олар ғимарат қоршауын бұзбақ болған. Елшілікке жандырғыш қоспасы бар бөтелкелерді лақтырған. Жиылған жұрт сондай-ақ автобус аялдамалары мен дүкендерді талқандап, соңынан жүрген тілшілерге шабуыл жасаған. Мехикодан бөлек наразылық акциясы Гвадалахара қаласында даөткен. Ереуілдерге мексикалық Джованни Лопестің қазасы себеп. Полицейлер оны әкімшілік заң бұзушылық үшін тұтқындап, күш қолданған. Артынша ер адам ауруханада көз жұмған. Жергілікті жұрт жіті тергеу жүргізіліп, кінәлілер жауапқа тартылсын деп отыр.

Хабар 24 телеарнасы