405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иранда байытылған уран қоры бекітілген межеден асып кеткен

  • 132
Иранда байытылған уран қоры бекітілген межеден асып кеткен

Ирандағы байытылған уран қоры 2015 жылғы ядролық келісім бойынша бекітілген межеден 8 есе артып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Атом энергиясы бойынша халықаралық агенттік хабарлайды. Мекеме мамандарының Ислам Республикасының екі нысанында мәлімделмеген ядролық материалдардың бар-жоғын тексере алмай жүргеніне 4 ай болды. Алайда Иран билігі мұнда халықаралық инспекторларды жолатпай отыр. Бұл Агенттік өкілдерінің алаңдаушылығын тудыруда. Айта кеткен жөн, 2018 жылдың мамырында АҚШ Иран мен 6 мемлекет арасында ядролық бағдарламаға қатысты жасалған келісімнен бір жақты тәртіпте шығып кеткен еді. Сол уақыттан бері Ислам Республикасы келісім шарттарын орындаудан бас тартып келеді.    

Хабар 24 телеарнасы