430,99 515.14 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-та жұмыссыздық деңгейі төмендеп келеді

  • 601
  • UPD: 20:52, 06.06.2020
АҚШ-та жұмыссыздық деңгейі төмендеп келеді

АҚШ-та кәсіпорындардың қайта ашыла бастауына байланысты жұмыссыздық деңгейі төмендеп келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Американың еңбек статистикасы бюросы осындай ақпарат таратты. Қазір бұл көрсеткіш 13%-тен асады.

Айта кетейік, сәуір айында Америкадағы жұмыссыздық деңгейі 3 есеге артып, 15%-ке жуықтаған еді. Бұл Екінші дүниежүзілік соғыстан бері тіркелмеген көрсеткіш. Бір айдың ішінде 20 миллионнан астам азамат жұмыссыз қалған еді.

Хабар 24 телеарнасы