405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ливанда ереуіл тәртіпсіздікке ұласты

  • 124
  • UPD: 15:27, 07.06.2020
Ливанда ереуіл тәртіпсіздікке ұласты

Ливан астанасы Бейрутте ереуіл соңы тәртіпсіздіктерге ұласты. Мыңдаған адам парламент алдына жиылып, ғимаратты талқандаған. Артынша полицейлерге тас жаудырды. Ал тәртіп сақшылары оларға қарсы көз жасаурататын газ қолданған.

Тәртіпсіздіктер салдарынан қос тараптан 50-ге жуық адам жарақат алған. Жұрт сайлау өткізіп, жаңа үкімет құруды талап етіп отыр. Жалпы мұнда үкіметке қарсы ереуілдер өткен жылдың күзінде басталған еді. Бұған биліктің мессенджерлер арқылы қоңырау шалуға салық салу бастамасы түрткі болған. Артынша шара жемқорлыққа қарсы ауқымды ереуілдерге ұласып кеткен. Осыған байланысты премьер-министр қызметінен бас тартты. Алайда халықтың наразылығы әлі басылмай тұр.

Хабар 24 телеарнасы