420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Лондонда мыңдаған адам АҚШ елшілігі алдына жиналды

  • 341
  • UPD: 10:54, 08.06.2020
Лондонда мыңдаған адам АҚШ елшілігі алдына жиналды

Америкадағы Джордж Флойдтың қазасымен байланысты жағдай қазір мұхиттың арғы бетіндегі Еуропа елдеріне де әсер етіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Лондонда мыңдаған адам «Қара нәсілділердің де өмірі маңызды» акциясына шықты. АҚШ елшілігі алдына жиналған жұрт қолдарына плакат ұстап, ұрандатумен болды. Осылайша, олар полицияның озбырлығын сынға алып, әділдікті талап етті. Бір айта кетерлігі, шерушілердің басым бөлігі маска таққан. Себебі, бұған дейін елдің Денсаулық сақтау министрі наразылық акцияда коронавирус жұқтыру қаупі өте жоғары екенін айтқан болатын.

Хабар 24 телеарнасы