417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Венесуэлада жанармай тапшы

  • 205
  • UPD: 11:26, 08.06.2020
Венесуэлада жанармай тапшы

Маусым айының басында бензин бағасы қымбаттағалы жанармай құю бекеттерінде ұзын-сонар кезек түзілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Естеріңізге салайық, соңғы 20 жыл бойы Венесуэлада жанармай құны әлем елдері бойынша ең төмен болатын. Егер бұрын бензиннің құны 2 мың боливар болса, жуырда ел президенті Николас Мадуро бағаны 5 мың боливарға дейін көтерді. Сонымен қатар жаңа шектеулер бойынша, мотоцикл жүргізушілері айына 60 литр, қалған көлік иелері 120 литр бензин ғана сатып ала алады. Бұл өзгерістер жергілікі халықтың наразылығын тудырды. Ашуға бой алдырғандар қала көшелеріне шығып, тәртіпсіздік орнатқан. Жалпы онсыз да экономикалық ахуалы мәз емес Венесуэлада қара алтын бағасы құлдырағаннан кейін жағдай одан әрі қиындай түсті. Елде импорт көлемі артты. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, жуырда аймаққа отынның бұл түрі Ираннан жеткізілді.

Хабар 24 телеарнасы