426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Брюссельде нәсілшілдікке қарсы шеру қақтығысқа ұласты

  • 306
  • UPD: 13:40, 08.06.2020
Брюссельде нәсілшілдікке қарсы шеру қақтығысқа ұласты

Нәсілшілдік пен полицияның зорлық-зомбылығына қарсы наразылық акциясы Бельгия астаансы Брюссельде де өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ бейбіт басталған шерудің соңы қақтығысқа ұласты. Әділет сарайының алдындағы бейбіт шара кешқұрым тарқай бастағанда кей адамдар полицейлерге тас пен шөлмек лақтырып, жаппай тәртіпсіздік басталды. Бұзақылар Ватерлоо көшесіне бет алып, жолдағы дүкендерді талқандап, полицейлердің көліктеріне тас лақтырды. Полицейлер тәртіпсіздікті басу үшін күш қолданды, 150-ге жуық адамды тұтқындады.

Ренди Кеймбе, жергілікті тұрғын:

- Қара нәсілді адамдардың да өмірінің мәні бар. Бұл жердегі мәселе полицияның қатыгездігінде ғана емес, қара нәсілді адамдар өзгелер кездесе бермейтін кемсітушілікке ұшырауда. Мысалы, біз пәтерді жалға алайық десек көп қиындыққа тап боламыз. Жұмысқа орналасу кезінде де осындай мәселелер кездеседі.

Хабар 24 телеарнасы