Мәскеуде тұрғындарға атыс ашқан қаскөй тәртіп сақшыларының қолына түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Күдікті жексенбі күні кешкісін өз үйінде отырып екінші қабаттағы терезесінен өткен-кеткендерге оқ жаудырған. Салдарынан көшеде көлігін тосып тұрған екі адамды жаралады. Оның бұл қадамға не себептен барғаны әзірге белгісіз. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, 3 сағатқа созылған тұтқындау операциясы кезінде де атыс басталып, бір әскери жараланды. Қазір зардап шеккендердің барлығы дәрігерлердің бақылауында. Ал, күдіктіге бірнеше бап бойынша айып тағылды.