418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шанхай ғалымдары коронавирусқа қарсы дәрі клиникалық сынақтан өткізе бастады

  • 178
  • UPD: 15:13, 08.06.2020
Шанхай ғалымдары коронавирусқа қарсы дәрі клиникалық сынақтан өткізе бастады

Шанхай ғалымдары коронавирусты жоятын препаратты клиникалық сынақтан өткізе бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның құрамында антиденелер бар. Бұл дәріні ғалымдар жануарларға қолданып көрген екен. Нәтиже берсе керек. Енді адамдарға әсерін байқамақ. Зерттеу жұмыстары биыл қаңтар айында басталған. Егер бұл препарат тиімділігін дәлелдесе, оны коронавирусқа қарсы вакцина ретінде қолдануға болады.

Янь Цзинхуа, ҚХР ҒА Микробиология институтының зерттеушісі:

- Аурудан жазылғандардың ағзасында антиденелер шығаратын генді бөлгеннен кейін оны зертханада өсірілген жасушаға ендіреміз. Оны өсіртіп, ақуызын тазартамыз. Яғни, вирустың адам жасушаларына кіруіне жол бермейміз. Осылай науқастарды емдеп, адамдарды вирустан қорғай аламыз.

Хабар 24 телеарнасы