Бұл туралы ел премьер-министрі мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Айтуынша, соңғы екі аптада мемлекет аумағында бірде-бір коронавирус жұқтыру дерегі тіркелмеген. Сондықтан 9 маусымнан бастап жергілікті жұрт көшеде маскасыз емін-еркін жүре алады. Қоғамдық орындарда топ болып жиналуына да рұқсат. Алайда шетелден келетіндер үшін шектеу шаралары күшін жоймайды. Яғни Жаңа Зеландияға келген әрбір азамат міндетті түрде тестілеуден өтіп, екі апталық карантинге жатуы тиіс.