425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Францияда полицейлерге тұншықтыру тәсілін қолдануға тыйым салынады

  • 456
  • UPD: 15:12, 09.06.2020
Францияда полицейлерге тұншықтыру тәсілін қолдануға тыйым салынады

Франция билігі құқық қорғау органдарында нәсілшілдікке жол бермеу үшін түрлі шаралар қабылдауды көздеп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы осы елдің Ішкі істер министрі Кристоф Кастанер мәлімдеді. Оның айтуынша, егер тәртіп сақшысының мұндай әрекетке барғаны дәлелденсе, жұмыстан босатылып, жауапқа тартылады. Сонымен қатар енді полицейлердің күдіктілерді ұстау кезінде тұншықтыру тәсілін қолдануына да тыйым салынбақ.

Кристоф Кастанер, Франция ішкі істер министрі:

– Тұтқындау кезінде ешбір адамның өміріне қауіп төнбеуі тиіс. Мойыннан қысып ұстау сынды тұншықтыру әдісі қолданылмау керек. Бұл қауіпті тәсіл полиция мен жандармерияның оқу бағдарламаларынан алынып тасталады. Сондай-ақ тәртіп сақшысының күдіктіні ұстау кезінде жерге жатқызып, аяғымен тұншықтыруына да тыйым салынады.

Хабар 24 телеарнасы