417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Калифорнияда орман өрті өршіді

  • 188
  • UPD: 09:49, 10.06.2020
Калифорнияда орман өрті өршіді

АҚШ-тың Калифорния штатында орман өрті қайта өршіді. Бұған аймақтағы ауа райы себеп.

Тілсіз жау Сан-Франциско шығанағының маңындағы Суисан қаласында басталды. Ақпарат көздері қызыл жалын 7 тұрғын үйді күлге айналдырғанын хабарлайды. Уинтерс ауданы да зардап шекті. Жергілікті билік аймақта қауіптіліктің қызыл деңгейін жариялады. Мамандар өртті өшіру үшін арнайы техника мен тікұшақтарды жұмылдырды. Апаттан жарақат алғандар мерт болғандар жайлы ақпарат түскен жоқ.

Естеріңізге салайық, өткен жылы Калифорнияда 7 мыңға жуық орман өрті тіркелді. Салдарынан 100 мыңнан астам гегтар жер телімі мен 700-ден астам ғимарат жарамсыз күйге айналды. 3 адам мерт болды.

Хабар 24 телеарнасы