420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нигерияда содырлар бір ауылдың 69 тұрғынын өлтіріп кетті

  • 299
  • UPD: 10:42, 10.06.2020
Нигерияда содырлар бір ауылдың 69 тұрғынын өлтіріп кетті golosislama

Олар ауылды қиратып, мың бастан аса мал мен түйелерді қолды қылған.

«Боко харам» радикалды тобының шабуылынан кем дегенде 69 адам ажал құшты. Оқиға Нигерияның солтүстік-шығысындағы Борно штатында тіркелді. Бұл туралы Рейтерс агенттігі хабарлады.

Лаңкестер Фадума Колорам ауылына шабуыл жасағаны айтылды. Олар көлік пен мотоцикл мініп, бейбіт тұрғындарға оқ жаудырған. Артынша ауылды тас-талқан етіп, 1,2 мың бас мал мен түйені алып кеткен.

Хабар 24 телеарнасы