423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Коронавирус Францияға қоқыс алып келді

  • 402
  • UPD: 13:52, 10.06.2020
Коронавирус Францияға қоқыс алып келді

Коронавирустың пайда болуы қоршаған ортаның одан бетер ластануына әкеп соқты. Франция мамандары осындай пікірде.

Мәселен, елдің жағалауы медициналық құрал-жабдықтармен ластанған. Ал дайверлер соңғы бір айдың ішінде судың асты маска мен резеңке қолғаптарға толғанын айтады. Мамандар пандемия аяқталмаса жағдайдың ушығып кетер түрі бар дейді. Осыған орай Францияның қоршаған ортаны қорғау министрлігі қалдықтарды дұрыс жоймаған тұрғындарға салынатын айыппұл мөлшерін 135 еуроға дейін арттыруды көздейді. Құжат жақын арада министрлер кабинетінде қарастырылмақ. Әзірге айыппұлдың мөлшері 68 еуроны құрайды.

Хабар 24 телеарнасы