422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Пәкістанда тұрғын үй құлап 19 адамның өмірін қиды

  • 319
  • UPD: 13:01, 10.06.2020
Пәкістанда тұрғын үй құлап 19 адамның өмірін қиды

Пәкістанның Синд провинциясындағы Карачи қаласында көпқабатты үй құлады.

Оқиға салдарынан 19 адам қаза тапты. Бұл туралы жергілікті Dawn хабарлады.

Бес қабатты ғимарат жексенбіге қараған түні құлаған. Дүйсенбі күні үйінді астынан алты адамның мәйіті табылды. Одан кейін құтқарушылар тағы 13 адамның мәйітін тапты. Жергілікті билік құрбан болғандардың саны әлі де артуы мүмкін деп қауіптенуде.

Сонымен бірге құтқарушылар үйінді астынан тірі қалған 12 тұрғынды алып шықты.

Жергілікті билік үйдің ескі болғанын айтуда.

Хабар 24 телеарнасы