421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Конгода эбола індеті қайта өршіді

  • 275
  • UPD: 10:29, 11.06.2020
Конгода эбола індеті қайта өршіді

Конго Демократиялық Республикасында эбола індеті қайта өршіді.

Мамандар аймақта аурудың екі ошағы тіркелгенін айтады. Белгілі болғандай, жуырда елдің батысында пайда болған вирустың бұған дейінгі 3 жарым мың адамға жұққан вирустан айырмашылығы бар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осыған алаңдаулы. Алдын ала болжам бойынша, індет жануардан жұққан көрінеді. Мамандардың зерттеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Айта кетейік, Конго Демократиялық Республикасы эболадан бөлек коронавирус инфекциясымен күресіп жатыр. БҰҰ-ның мәліметі бойынша аймақта 4 мыңнан астам адамға COVID-19 диагнозы қойылды.

 

Хабар 24 телеарнасы