418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ғалымдар: COVID-19 былтыр жазда басталған болуы мүмкін  

  • 227
  • UPD: 14:26, 11.06.2020
Ғалымдар: COVID-19 былтыр жазда басталған болуы мүмкін  

 

Гарвард университетінің ғалымдары Қытайда коронавирус өткен жылдың тамыз айында пайда болды деген пікірде, деп хабарлайды «Хабар 24».

Зерттеулерге сәйкес былтыр тамыз бен күз айларында Уханьдағы 5 ауруханаға келгендердің қарасы қалың болған. Бұған автотұрақтағы көліктердің саны дәлел дейді мамандар. Ал желтоқсан айында індет одан бетер өрши түсті дегенді алға тартады. Қытайдың сыртқы істер министрлігі болса, бұл ақпаратты сынға алып, жоққа шығарды. Олардың айтуынша, мұндай болжам жасауға еш айқын дәлел жоқ. Қытай билігі  «Ковид-19» дерті алғаш рет 2019 жылдың желтоқсанында Ухань қаласында пайда болды деп айтқанынан қайтпай отыр.

 

Хабар 24 телеарнасы