432,23 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германия маусымдық жұмысшыларды қабылдауға дайын

  • 317
  • UPD: 15:28, 11.06.2020
Германия маусымдық жұмысшыларды қабылдауға дайын

Германияда маусымның 16-сынан бастап Еуроодақ елдерінен маусымдық жұмысшылардың келуіне шектеу алынады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ жұмыс берушілер барлық санитарлық талапты орындап, адамдарды топ-топқа бөліп, бақылауы тиіс. Егер бір адам дертке шалдықса, барлық топ дереу оқшауланады. Жаңа тәртіп желтоқсанның 31-іне дейін қолданылады. Айта кетейік, өткен жылы Германияда 300 мыңға жуық маусымдық жұмысшы қызмет еткен. Коронавирусқа байланысты биыл елге тек 80 мың жұмысшы қабылдау туралы шешім қабылданды. Алайда маусым айының басында олардың саны көрсетілген мөлшердің жартысына да жетпей қалып, жергілікті шаруашылықтарда жұмыс қолы тапшы болды.

Хабар 24 телеарнасы