417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италияда биліктегі басшыларға қатысты тергеу басталды

  • 241
  • UPD: 15:31, 11.06.2020
Италияда биліктегі басшыларға қатысты тергеу басталды

Бергамо провинциясының прокуратурасы Италия премьер-министрі Джузеппе Конте мен Денсаулық сақтау және Ішкі істер министрін тергеуге шақырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Іске Бергамо провинциясындағы тұрғындардың шағымдары себеп. Өйткені дерттен қайтыс болғандардың жақындары,, Үкімет ірі өндіріс ошақтарын тоқтатқысы келмегендіктен Нембро мен Альдзано қалаларын қызыл аймаққа кеш енгізді деп айыптауда. Бұған қоса ауруханалар науқастардың тыныс алуы қиындамайынша қабылдаудан бас тартқан. Бірақ Орталық Үкімет аймақта карантинді осы өңірдің әкімшілігі енгізу керек болған дейді. Ал Бергамо билігі мұндай мәселе наурыздың 8-іне дейін Министрлер кабинетінің құзырында болды деп отыр.

Хабар 24 телеарнасы