429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тунисте кеме апатынан ондаған мигрант суға кетті

  • 305
  • UPD: 15:29, 11.06.2020
Тунисте кеме апатынан ондаған мигрант суға кетті

Тунис жағалауында мигранттар отырған қайық апатқа ұшырап 30 адам суға кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға Сфакс кемежайының маңында болған. Құтқарушылар мерт болғандардың денесін аймақтағы ауруханаға жеткізді. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, марқұмдардың 19-ы әйел адам болса, екеуі сәби . Апатқа ұшыраған кеме капитаны Тунистен, қалғандары Кот-д'Ивуардан шыққан. Кей ақпарат көздері су көлігінде 53 мигрант отырғанын хабарлайды. Құтқарушылар іздеу операциясын жалғастырып жатыр.

 

Хабар 24 телеарнасы