418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресей коронавирусқа қарсы дәрі жасап шығарды

  • 235
  • UPD: 09:42, 12.06.2020
Ресей коронавирусқа қарсы дәрі жасап шығарды

«Авифавир» деп аталатын жаңа препарат қазір жергілікті ауруханаларға жеткізіліп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Маусымның соңына дейін емханаларға 60 мың «Авифавир» курсын жеткізу көзделген. Бұл іспен қазір Ресейдің тікелей инвестициялар қоры мен «Химрар» компаниялар тобы айналысуда. Дәрі міндетті медициналық сақтандыру аясында ресейліктер үшін тегін болмақ. Коронавирусқа қарсы препаратқа қазірдің өзінде әлемнің ондаған елі тапсырыс беріпті.

Хабар 24 телеарнасы