418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италияда Ұлттық орталық кітапханадағы кітаптар 7 күн карантинде болады

  • 172
  • UPD: 09:43, 12.06.2020
Италияда Ұлттық орталық кітапханадағы кітаптар 7 күн карантинде болады

Флоренциядағы Ұлттық орталық кітапхана екі айға жуық үзілістен кейін жұмысын қайта жалғастырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда санитарлық талаптарға сәйкес ғимараттағы кітаптар 7 күн карантинде болады. Мамандар бұл зарарсыздандырудың ең дұрыс әдісі деп отыр. Естеріңізге салайық, Италиядағы ең ірі кітапханаларының бірі 1714 жылы қаланған. Онда 1870 жылдан бері Апеннин түбегінде шығарылған барлық басылым жинақталған. Ондағы сөрелерінің ұзындығы 100 шақырымға дейін барады. Осыдан бірнеше ай бұрын кітапхана коронавирус пандемиясы кесірінен карантинге жабылған еді.

Хабар 24 телеарнасы