419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Боливияда коронавирустан зардап шеккен кедей тұрғындарға көмек көрсетілді

  • 359
  • UPD: 12:02, 12.06.2020
Боливияда коронавирустан зардап шеккен кедей тұрғындарға көмек көрсетілді РИА Новости

Боливияда коронавирустан зардап шегіп жатқан кедей жанұяларға көмек көрсету мақсатында еріктілер тобы құрылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені, тұрмысы төмен отбасылардың тіпті дерттен көз жұмған туыстарын жерлеуге дәрменсіз. Белсенді топ кедей отбасыларын індеттен барынша қорғау үшін марқұмдарды жер қойнауына тапсыруды өз мойындарына алды. Айта кетейік, Боливияда вирусты жұқтырғандардың саны 15 мыңға жуықтап, дерттен 487 науқас қайтыс болды. Бірақ сарапшылар елде науқастардың қатары әлдеқайда өкп болуы мүмкін дейді.

Луис Фернандо Ортис, жергілікті тұрғын:

– Коронавирустан бәріміз зардап шегіп жатырмыз. Мысалы, әжем жансақтау бөлімінде жатыр. Оған тыныс алуын жеңілдететін аппарат керек. Дерттен көз жұмған туыстарым да бар. Мұндай жағдайды өмірімде алғаш көруім.

Хабар 24 телеарнасы