431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлыбританияда ескерткіштер шерулерге байланысты қорғауға алынды    

  • 370
  • UPD: 23:10, 12.06.2020
Ұлыбританияда ескерткіштер шерулерге байланысты қорғауға алынды    

Нәсілшілдікке қарсы жалғасып жатқан наразылыққа байланысты Лондон қаласының билігі ескерткіштерді қорғауға алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Атап айтқанда, бұрынғы премьер-министр Уинстон Черчилльдің мүсіні және Екінші дүниежүзілік соғыста қаза болған жауынгерлерге арналған әйгілі ескерткішті бөгеттермен қоршап тастады. Өткен аптада наразылық шеруге шыққандар Черчилль мүсініне нәсілшілдік пікірлер жазылған сурет салған еді. Ал Чехия астанасы Прагада адамдар Черчилль ескерткішіне бояу жағып кеткен.

 

Хабар 24 телеарнасы