424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Францияда полиция қызметкерлері шеруге шықты

  • 255
  • UPD: 23:47, 12.06.2020

Құқық қорғаушылар көпшіліктің өздеріне деген көзқарасына наразы, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жұрт полицейлерді жаппай нәсілшіл әрі қатыгез деп айыптаған еді. Тәртіп сақшыларының ереуілі бүкіл ел аумағында өтті. Полицейлер жерге қол кісендерін тастап, президент Макронмен кездесуді талап етті.

Францияда полицияға деген сенім әлсіреп барады. Америкадағы нәсілшілдік пен қатыгездікті айыптаған еуропалықтар өз елдерінде де құқық қорғау жүйесі дұрыс жұмыс істемейтінін алға тратуда.

Фабьян Ванэмельрик, ұлттық полиция альянсының бас хатшысы:

– Мұнда жай келген жоқпыз. Шыдамымыз бітті. Полицияға негізсіз жала жабқандардан шаршадық. Өз уәжімізді жеткізуге жиналдық.

Тәртіп сақшылары президенттен қолдау сұрап отыр. Себебі жуырда сала басшысының өзі қатардағы әріптестерінің нәсілшілдікке ерік беретінін айтып, айыптаған еді. Офицерлер министрдің бұл қылығын сатқындыққа теңеп отыр.

Давид, полиция қызметкері:

– Бізді түрлі дәрежеге жіктеп, таңбалау қазір әдетке айналды. Бұған қарсы шығуымыз керек. Полиция нәсілшіл емес, осыны жеткізуіміз қажет. Осыдан бес жыл бұрын бізді қаһарман ретінде қадір тұтып еді, енді қазір түкке жарамайтын болғанымыз ба?

Наразылық шеруінің мақсаты – құқық қорғаушылардың ар-абыройын ақтау және ішкі істер министрін қызметінен кетіру. Полиция қызметкерлері халықтан бос айыптауды доғарып, ортақ мәмілеге келуді сұрап отыр.

Авторлары: Әлия Сыздықова, Руслан Өміржан

Хабар 24 телеарнасы