432,01 515.14 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Пхеньян АҚШ-пен келіссөзді президент сайлауынан кейін жалғастырады

  • 398
  • UPD: 12:02, 13.06.2020

АҚШ пен Корея Халық Демократиялық Республикасы арадағы келіссөздер Америкада президенттік сайлау аяқталғаннан кейін қайта жанданатын болады.

Бұл Қазақстандағы Корея Республикасының бұрынғы елшісі Пэк Чу Хёнің пікірі.

Айтуынша, қос елдің басшылары арасындағы қарым-қатынастың қайта тығырыққа тірелуіне коронавирус пандемиясы себеп болды. Пэк Чу Хё Ковид-19 індетіне қатысты жағдай тұрақталысымен қос Кореяның билік өкілдері арасындағы диалогтың да жалғасатына сенімді. 

Пэк Чу Хен, Қазақстандағы Корея Республикасының бұрынғы елшісі:

- АҚШ-та президенттік сайлаудың басталуына бар-жоғы 5 ай қалды. Президент сайланған соң Ақ үй қожайыны Солтүстік Кореямен арадағы келіссөздерге қайта мән береді деп ойлаймын. Және қарым-қатынас жалғасады деген сенімдімін. Кез келген мемлекет үшін адам өмірі, қоғам тыныштығы басты орында. Пхеньян Сеулмен де өзара байланысты нығайтып, одан әрі дамтуы тиіс. Солтүстіктегі бауырлардың тұрмыс- тіршілігі жақсара түседі деген пікірдемін. Осы орайда Оңтүстік Кореяның ғана емес, Қытай мен АҚШ-тың да рөлі маңызды.

Хабар 24 телеарнасы