420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Францияда нәсілшілдікке қарсы шеру өтті

  • 281
  • UPD: 14:28, 14.06.2020

Франция астанасында нәсілшілдікке қарсы тағы наразылық шеруі өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Билік акцияға рұқсат бермегенімен, көшеге мыңдаған адам жиналды. Шараны полицейлердің қолынан жапа шеккендердің туған-туыстары ұйымдастырды. Шерушілер республика алаңына шығып, бір ғимараттың төбесінен үлкен баннер жазды. Көп ұзамай алаңдағы ахуал шиеленісіп, полициямен қақтығыс болды. 30 адам қамауға алынды. Наразылық акциясынан кейін Мемлекеттік кеңес елдегі төтенше жағдайға қарамастан шерулерді өткізуге рұқсат беру туралы шешім қабылдады.

Асса Траоре, нәсілшілдікке қарсы қозғалыстың көшбасшысы:

– Джордж Флойдтың өлімі менің інім Адама Траоренің өлімін салыстырып көріңізші. Ұқсастық бар. Құрама Штаттарда болып жатқан мұндай оқиғалар бізде де қайталанып тұрады. Сондықтан полицияның мұндай әрекетін тоқтатуға күш біріктіруіміз керек.

 

 

Хабар 24 телеарнасы