419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бейжіңде қайтадан коронавирус таралып жатыр

  • 505
  • UPD: 17:44, 14.06.2020
Бейжіңде қайтадан коронавирус таралып жатыр

Бейжіңде соңғы бір тәулікте тағы 37 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Індет «Синьфади» ауылшаруашылық базарынан шыққан.

Осыған байланысты бұл сауда орыны жабылып, шаһардағы өзге де базарлар тексеріліп жатыр. Мамандар ет, сүт, теңіз және өзге де өнімдерден сынама алып, зерттеді. Бірақ әзір вирус анықталмаған. Билік «Синьфади» базарында болған адамдардан жуық арада тесттен өтуді сұрап, тұрғындарды сақтық шараларын сақтауға шақырды. Бейжіңде 2 айдан астам уақыт бойы коронавирус жұқтыру дерегі тіркелмеген еді. Бірақ өткен бейсенбіде жұқпалы вирус 1 адамнан, жұма күні тағы 6 тұрғыннан анықталды.

Хабар 24 телеарнасы