426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германия ендігәрі өзге елдегі азаматтарын эвакуация жасамайды

  • 324
  • UPD: 22:13, 14.06.2020

Германия пандемиядан азаматтарын шұғыл эвакуациялауға 100 миллион еуро жұмсаған. Енді билік олардан осы шығынды қайтартуды қолға алып жатыр.

Індет кезінде өзге елдерден эвакуацияланған азаматтарға жол шығынын төлеу туралы қағаздар жіберіле бастады. Жалпы үкімет наурыз-сәуір айы аралығында әлемнің түкпір-түкпірінен 240 мың немісті алып келген екен.

Сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, кей жағдайда билік жекеменшік ұшақтарды да пайдаланған. Министр Хайко Маас енді азаматтарды елге қайтару бойынша мұндай ауқымды шаралар жүзеге асырылмайтынын айтады.

Хайко Маас, Германия сыртқы істер министрі:

- Біз Еуропаның барлық елдерімен шекарамызды ашуды көздеп отырмыз. Бірақ вируспен күрес жалғаса береді. Осыған орай шетелге саяхаттауды жоспарлаған азаматтарға демалыстарын алдын ала жақсылап ойластыруды сұраймыз. Жазғы демалыс кезінде Германия мен Еуропада індеттің қайта өршуіне жол бермеу қажет. Шектеу шаралары жеңілдетілгенмен вирус ешқайда кеткен жоқ.

Хабар 24 телеарнасы