418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Испания шенген елдерімен шекарасын ашады

  • 203
  • UPD: 08:13, 15.06.2020
Испания шенген елдерімен шекарасын ашады

Испания маусымның 21-інен бастап шенген аймағына кіретін елдермен шекараны ашады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы осы елдің премьер-министрі Педро Санчес мәлімдеді. Содан кейін билік өзге елдермен шекараны ашуды қарастырмақ. Үкімет басшысының айтуынша, осы күннен бастап өзге елдерден келетін азаматтарды міндетті карантинге жабу туралы шара алынып тасталады. Билік бұл елдің жалпы ішкі өнімінің 12 процентін құрайтын туризм саласының қалпына келуіне көмектесуі тиіс деп отыр. Айта кетейік, Испания – коронавирустан ең көп зардап шеккен елдерің бірі. Індет таралғалы бері Пиреней түбегінде 243 мыңнан астам адам вирусты жұқтырып, дерттен 27 мыңнан аса науқас көз жұмды.

Хабар 24 телеарнасы