432,62 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Эквадорда «Сангай» жанартауы атқылап жатыр

  • 247
Эквадорда «Сангай» жанартауы атқылап жатыр

Табиғат апаты елдің 16 қаласы мен орманды жерлеріне қауіп төндіріп тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жанартау Анд тауының шығысында орналасқан. Одан атқылаған от пен күл таудың  бөктеріне дейін жетті. Оған қоса аймақта қолайсыз ауа райы тұр. Жергілікті билік жанартау маңында орналасқан елді мекен тұрғындарына сыртта маска тағып, барынша жабық киінуге шықарады. Өңірде көлік қатынасына да тыйым салынды.

Хабар 24 телеарнасы