425,99 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германия баламалы энергия саласында тағы да рекорд жаңартты

  • 299
  • UPD: 11:46, 15.06.2020
Германия баламалы энергия саласында тағы да рекорд жаңартты

Соңғы 3 айда елде өндірілген электр энергиясының тең жартысы табиғаттан алынған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе жел энергиясының көлемі өте жоғары. Осылайша немістер біртіндеп классикалық қуат көздерінен бас тартып жатыр. Мәселен, 2018 жылы елде көмір өндірісі тотатылған болатын. Ал осыдан бір ай бұрын тағы бір атом электр станциясы жабылды. Жалпы 2022 жылға дейін бұнда барлық АЭС жұмысы тоқтатылады. Қазір бұнда осындай 6 орын бар. Оның үшеуі жыл соңына дейін жабылады. Ал 2030 жылға қарай жасыл энергия көлемін 65 процентке жеткізу жспарланып отыр. Бірақ коронавирусқа қатысты шаралар оның барысын бәсеңдетіп, жүзеге асу уақытын шегеруі мүмкін.

Филипп Бартель, энергетика мен климат саласындағы жобалардың менеджері:

– 2000 жылдан бері баламалы энергия саласына инвестиция құйып келеміз. Жел энергетикасынан бөлек, қазір күннен қуат алу да бір жолға қойылды. Ал биомассаға жалпы көрсеткіштің 10 проценті тиесілі. Коронавирусқа қатысты қалыптасқан жағдай саладағы жұмысты тұралатып тастады. Басқа жағынан елдегі энергия тұтыну көлемі де азайды ғой. Ірі өндіріс ошақтары жұмыс жасаған жоқ.

Хабар 24 телеарнасы