418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Канадада екі ұшақ соқтығысты

  • 188
  • UPD: 12:08, 15.06.2020
Канадада екі ұшақ соқтығысты

Канадада Cessna 172 шағын жолаушылар ұшағы әуеде гидропланмен соқтығысты.

Cessna бортында төрт адам болған, оның бірі – бала. Ұшақ апат кезінде зақымданғанына қарамастан, Оттаваға іргелес Арнприор әуежайына қонды. Бұл туралы CBC News хабарлады.

Куәгерлердің айтуынша, гидроплан жолаушылар ұшағымен соқтығысқаннан кейін Оттава өзеніне құлады. Оның 70 жастағы ұшқышы құтқарушылар қайықпен келгенше кабинадан өзі шыққан. Ұшқыш жеңіл жарақаттар алып, ауруханаға жатудан бас тартқан.

Хабар 24 телеарнасы